Өзін -өзі басқару күні
29 қыркүйек күні мектебімізде өзін-өзі басқару күні өткізілді. 10-11 сынып оқушылары оқу- тәрбие үдерісін мектепте ұйымдастырып атқарды.
Таңертең ұстаздарды жылы лебіздерімен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады. Ұстаздар даярлық тобының оқушылары болып, "өзін-өзі тану", "сурет" сабақтарына қатысты. Ұстаздарға 10 сынып оқушысы -Ибраева Даурия мен 11 сынып оқушысы- Дюсенбина Қаламқас сабақтарын қызықты, мазмұнды өткізуге тырысты.






